Жаңақорған ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен, “Ашық азаматтық қоғам” ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ауылдағы бір күнім» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары анықталды.

Ауданның 20-ға жуық жасы қатысқан додада үздіктер марапатталды. І орынды Нұртілеу Анарбай (Аққорған ауылдық округі) иеленсе,  ІІ орын Ләйлә Данабекқызына (Жайылма ауылдық округі) бұйырды.  Ал жүлделі ІІІ орынды Ұланбек Мәрсалы (ЖАТК, ІІІ курс студенті) қанжығасына байлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!