Балалар күніне орай «Біз бақытты баламыз!» тақырыбында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ «Бәйтерек» мөлтек ауданында концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Салтанатты шараға қатысқан мөлтек аудан тұрғындары мен балаларға жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қызықты ойындар ойнатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар кент тұрғындарына орталық мамандары тарапынан мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балақайларға спорттық жарыс ұйымдастырып, үш түрлі кезеңді қамтыған спорттық сайыс (қол күрес, арқан тартыс, эстафеталық сайыс) бойынша үздік деп танылған жасөспірімдерге орталық тарапынан сыйлық табысталды.

Іс-шараның соңы «Қарақат» өнер мектебі өнерпаздарының мерекелік концертімен тәмамдалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!