1 қазан – қарттар күні. Қазыналы қарияларымыздың мерекесі елімізде 1991 жылдың 1 қазанынан бері атап өтіледі. Осы орайда, №68 мекемесі қызметкерлерінің аналары «офицердің анасы» төс белгісімен марапатталды.

Атап айтқанда, Арнайы есепке алу бөлімінің есеп технигі әділет аға сержанты Менбаева Назерке Орақбайқызының анасына арнайы мекеме басшысының атынан «офицердің анасы» төс белгісі табысталып, гүл шоқтары берілді. Айтулы күн мен қатар келген туған күнде Назеркенің анасы үшін күтпеген сый болды. Сонымен қатар, кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Даулетиярова Жаннұр Даулетиярқызының анасына арнайы шенді төс белгісін табыстап, мекеме ұжымының атынан гүл ұсынылды. Келесі кезекте АКАӘПТЖБ-нің басшысы әділет капитаны Романқұлов Ерлан Бегімұлы «қарттар күні» мерекесімен тұспа тұс келген анасының туған күніне тосын сый ретінде Шымкент қаласына арнайы барып, «офицердің анасы» атағымен құттықтап,  төс белгісін табыстап, анасына деген жылы лебізді тілегін жеткізді.

         – «Қарттар күні» мерекесі аясында келіп жеткен барлық асыл қазыналарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Даналығы мен нақыл сөздері мен әрбір ұрпағына өсиетті сөздер айтып қанаттандырып келеді. Мекемедегі әрбір қызметкердің анасы меніңде анам. Мерекені пайдалана отырып өзімнің ұжымдастарымның беделін арттыру мақсатында аналарына «Офицердің анасы» төс белгісімен марапаттауды жөн санадым. Бұл біз үшін бақыт, қуаныш. Әрбір отбасыда осындай бақыт көбейе берсін. Қазыналы қарияларымыз аман болсын, – деді №68 мекемесінің басшысы әділет майоры Ильясов Қайырбек Есентайұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!