Астана қаласында балалар, жас­өспірімдер, жастар мен ересектер арасындағы «ASIA OPEN – 2023» турнирі өтті. Жарысқа Иран, Қыр­ғыз­стан, Өзбекстан, Ресей және Қазақ­станнан 1200-ге жуық спортшы қатыс­ты.
Еліміздің намысын қорғағандар қата­рында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Алижан Алматов бар. Ол 58 келі салмақ дәрежесінде бақ сы­нап, чемпион атанды.
Айта кетейік, турнирдің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен спорт­шылардан ұлттық құрама жасақта­лып, ха­лықаралық жарыстарға дайындалады. Биыл ересектер Польшада өтетін Әлем чемпионатына қатыспақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!