Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Блиц-шахматтан екі дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Халық үні» порталы.

Ол 11 турдың нәтижесі бойынша 10 рет қарсыластарын жеңіп, бір рет тең түсіп, топ жарды. Сөйтіп, ол 10,5 ұпай (300 доллар) ұпай жинады. Екінші орынды 8,5 ұпай (250 доллар) алған серб Теодора Иняц, үшінші және төртінші орындарды үнді шахматшылары Савита Шри Баскар (8,5 ұпай, 200 доллар) мен Вантика Агравал (8 ұпай, 150 доллар), бесінші орынды вьетнамдық Фам Ле Тхао Нгуен (7,5 ұпай, 100 доллар) иеленді.

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. Жарыстың басты ерекшелігі – ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!