SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогын» қазақ қыздары 1 алтын, 6 күміс, 8 қоламен аяқтады. Бұл туралы Kazinform жазды. Аталған турнирдің финалына шыққан жеті боксшымыздың тек біреуі ғана чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл атақты +81 келі салмақта өз отандасымен сынға түскен Ләззат Күнгейбаева иеленді.
Қалған боксшыларымыздың барлығы финалда қарсыластарына жол беріп, күмісті қанағат тұтты.
Алтын медаль:
+81 келі – Ләззат Күнгейбаева
Күміс жүлдегерлер:
48 келі – Әйгерім Сәттібаева
54 келі – Әнел Сақыш
57 келі – Айдана Забынбекова
60 келі – Римма Волосенко
81 келі – Жібек Жарасқызы
+81 келі – Дина Исламбекова
Қола жүлдегерлер:
50 келі – Элянур Турганова
52 келі – Жансая Рахымберді
52 келі – Жазира Орақбаева
54 келі – Сымбат Әлиасқар
63 келі – Лаура Есенкелді
66 келі – Гаухар Шайбекова
70 келі – Азиза Исина
75 келі – Шұғыла Нәлібай.
Осылайша, бокстан әйелдер ұлттық құрамасы «Странджа-2025» турнирін аяқтады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!