HONOR жаһандық технологиялық бренді Қазақстанда HONOR Magic6 Proсмартфонын таныстырды. Бұл бүгінгі күні коммерциялық құрылғылардың ішіндегі үздік камерасы бар смартфон. HONOR Magic6 Pro – бес DXOMARK 2024 алтын марапаты бар әрі фронталды камера, экран мен батарея санаттарында рейтинг нұсқасы бойынша Топ 1 деп саналатын әлемдегі ең алғашқы смартфон.

Джонибек Вэй, Қазақстандағы HONOR аймақтық директоры: «HONOR Magic6 Proинженерлік идея шыңы болып табылады, ол Qualcomm және Google іспеттес әлемдік индустрия алыптарымен әріптестікте жасалған. Бұл барлық түйінді көрсеткіштер: өнімділік, камера мен экран сапасы бойынша өз санатындағы үздік смартфон».

Жасанды интеллект қолдауымен мобильді фотографиядағы революция

Перископтық 180 Мп телеобъектив— алғаш рет индустрияда кез келген жақындату деңгейінде фотографияларды мінсіз дәлдеуге арналған осыншалықты жоғары кеңейтілімі бар сенсор пайдаланылады: оптикалық деңгейде – 2,5х, гибридтік деңгейде – 5х, цифрлық деңгейде – 100х-ке дейін.

Ультра кең бұрыштық 50 Мп камера — шолу бұрышы 122 градус, бұрмалануларды интеллектуалды тұрғыдан түзету, кескіндерді жоғары дәрежеде нақтылау және 2,5 см қашықтықтан бастап макро түсірілімге арналған автофокус.

H9000 сенсоры бар негізгі кең бұрыштық 50 Мп камера— өлшемі 1/1,3 дюйм болатын Super Dynamic Falcon Camera H9000 HDR сенсоры дәлденуі аса жоғары әрі динамикалық ауқымы кең кескіндерді алуға мүмкіндік береді.

Негізгі камера автоматты түрде түсірілім жағдайларына қарай лайықты f/1.4 не f/2.0 диафрагма мәнін таңдайды. Сонымен қатар, «Кәсіпқой» режимінде сенсорға түсетін жарықтың көлемін, сондай-ақ артқы жақтағы көмескілік дәрежесін дәлірек бақылау үшін қолмен таңдау да қолжетімді болады.

Кәсіби деңгейдегі спорт түсірілімінің алгоритмдері

Sport Portrait инновациялық алгоритмі спортшыларды тіпті серпінмен өзгеретін көріністе де «боке» әсерімен фотоға түсіруге мүмкіндік береді. HONOR Falcon камерасы тез әрі дәл фокустау арқасында кадрдағы адамды аса жоғары нақтылауға және артқы жақты әсерлі дәрежеде көмескілеуге арналған кең бұрыштық және телефото объективтерді пайдалана отырып, бірнеше сурет түсіреді.

HONOR AI MotionSensing

Жасанды интеллект қолдауымен қозғалысты автоматты қармау. HONOR Magic6 Pro үшін нейрожеліні оқытуға арналған, 28 есе арттырылған жинақ пайдаланылады, бұл HONOR Falcon камерасына адамдарды, кейбір жан-жануарларды, сондай-ақ 10 шақты спорт түрлерін: волейбол, скейтборд, баскетбол, ұзындыққа секіру, гимнастика, ядро лақтыру, теннис, ауыр атлетика, футбол, тхэквондо мен кейбір керілу-созылу түрлерін танып, кадрдағы үздік сәттерді автоматты түрде суретке түсіруге мүмкіндік береді.

Сыйымдылығы 5600 мАс кремний-көміртекті батарея

HONOR Magic6 Pro смартфоны сыйымдылығы ұлғайтылған 5600 мАс болатын, бірақ габариттері мен салмағы елеулі өзгертілмеген, екінші буынды HONOR кремний-көміртекті батареясымен жарақталған. Қоректендірілуін басқару үшін төмен температуралар жағдайындағы жақсартылған тиімділігі бар HONOR E1 дискреттік чипі пайдаланылады, бұл аккумулятордың -20 градус температурада да 40%-ға жоғарырақ төзімділігін қамтамасыз етеді. Құрылғы HONOR SuperCharge 80 Вт-тық аса тез сыммен қуаттауды және HONOR Wireless Super Charge 66 Вт-тық сымсыз қуаттауды қолдайды.

6,8 дюймдік LTPO-экранның рекордтық сапасы

10 есе төзімдірек HONOR Nano Crystal Shield әйнегі — кристалдардың 50%-ға жоғарылатылған тығыздығы соққы энергиясының 10 есе жақсырақ сіңірілуін қамтамасыз етеді. HONOR Magic6 Proэкраны әртүрлі сценарий барысындағы құлауларға төзімділік бойынша бес жұлдызды SGS сертификатын иеленді. Сонымен қатар, смартфонның корпусы ылғал мен шаңнан IP68 стандарты бойынша қорғалған, бұл смартфонды кез келген жағдайларда пайдалану кезінде жайшылық сезімін қамтамасыз етеді.

4320 Гц ендік-импульс модуляция жиілігі толықтай жылтылдаудың болмауына кепілдік береді, үш TÜV сертификаты экранның қауіпсіздігін растайды, «Баптамалыциркадты түнгі экран» функциясы жасанды интеллект тарабынан қолдауға иеленіп, кешкі уақытта күннің батуына сай ғана емес, пайдаланушылық әдеттерге де сәйкес түс берілісін баптайды, ал жаңа «Табиғи реңк» функциясы түс берілісін интеллектуалды түрде икемдеп, айналадағы жарыққа қарай ақ түс теңгерімін бейімдейді.

Dolby Vision сертификаты — экран сапасы айрықша визуалды әсерлер үшін Dolby Vision сертификатымен куәландырылған. Бұл сертификаттау түстері қанық, контрастылығы жоғары және нақтылануы жетілдірілген жағдайдағы қаралымнан айрықша әсер алынатындығына кепілдік береді.

HONOR Magic6 Pro смартфонының жаңа пайдаланушылары үшін компания алғашқы 180 күн ішінде кепілді емес бұзылулардың кез келген түрінде экранды тегін ауыстыруды ұсынады.

Керемет өнімділік

Snapdragon® 8 Gen 3 платформасы — бұл процессорлық есептеу өнімділігінің 30%-ға жоғары болуы және графиканың 25%-ға қуаттырақ болуы. Qualcomm® AI Engine қозғалтқышының арқасында HONOR Magic6 Proсмартфонындағы жасанды интеллект технологиялары 98%-ға дейінгі тез әрекеттілік өсіміне қол жеткізді.

Жасанды интеллект технологиялары бар MagicOS 8.0— Android 14 негізіндегі жаңа операциондық жүйеаса үздік пайдаланушылық тәжірибе жинақтау үшін жақсартылған дизайнға, функциялар мен технологияларға ие болды. HONOR Magic6 Proсмартфоны барлық Google сервистерінің жұмысын қолдайды.

Толығырақ ақпарат HONOR ресми сайтында орналасқан: https://www.hihonor.com/kz/

Қазақстандағы HONOR PR-менеджері

Email: chorneykirill@hihonor.com

Honor өнімдері туралы толығырақ ақпарат алу үшін біздің жедел желімізге хабарласыңыз.

Сіз қоңырау шалып қана қоймай, телеграмм қолданбасында хабарлама жаза аласыз не тікелей сайттағы онлайн чатты пайдаланыңыз.

Кез келген уақытта 9:00-ден 01:00-ге дейінгі аралықта қоңырау шалыңыз не хабарлама жазыңыз:

Жедел желінің нөмірі:

8 800 100 7777 (кез келген ҚР операторынан тегін)

Сайттағы онлайн-чат: https://www.hihonor.com/kz/support/

Email: kz_support@hihonor.com

Телеграмм-чат: t.me/honorKZ_bot

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!