Фото: ашық дереккөзден

Белгілі бір аудиторияға арналған жарнаманың бұл түрі туралы әлеуметтік желіден күнделікті естиміз. Кәсіпкерлер қазір таргетсіз жұмыс істемейді. Интернетте де нағыз табыс көзіне айналған бұл қызметті үйренгісі келетіндер көбейген. Бұған не себеп екенін және таргетинг ұғымын бірге талқылап көрейік.

Таргет – мақсатты аудиторияға арналған интернет маркетинг. Барлығына бірдей жарнамаланбайды. Тек таңдаулы тауарға сұраныс білдіргендер үшін ғана көрінеді. Facebook және Instagram желілері арқылы таргет шығару сұранысқа ие. Жалпы тілмен айтқанда, кәсіпкер мен тұтынушы арасындағы «алтын көпір». Таргетті оқу құны жоғары, себебі құйған ақшаңыз еселеніп қайтады. Дегенмен таргет әлемнің қай жерінде болсын сіздің өніміңіздің жариялануын қадағалайды. Төрткіл дүниенің түкпірінен сіздің өніміңізге деген сұраныстың артуы әбден мүмкін.

– Жалпы таргет бизнесі енді дамып келе жатқан кәсіпкерлер үшін тиімді. Бірақ әлі күнге дейін бұл терминнің қаншалықты пайдалы екенін білмейтін бизнес тұлғалар бар. Таргет қазір қосымша ма мандық ретінде жүреді. Блогерлерге көп ақша төлеп жарнамалағанша, таргеттен келетін табыс көзі мол.

– Мен жас кәсіпкермін. Сұлулық саласында қызмет атқарамын. Бәсекелестік көп. Өзімді үлкен аудиторияға шығару үшін таргетті оқып алуға шешім қабылдадым, себебі жарнама жақсы көмектеседі. Құны 50 мың теңгені құрайтын оқуды бастадым. Таргетке шығатын пост 1 күнге 5 доллармен есептеледі. Бірақ таргетті дұрыс жіберіп, жібермегенге байланысты да ақша ұсталынатынын ескерген жөн. Уақытыңыздан небәрі 20-30 минут бөліп, асықпай шығаратынболсаңыз, міндетті түрде қалаған нәтижеге жете аласыз. Сондай-ақ жазба немесе жарнаманы Facebook желісі арқылы шығару оңтайлы. Таргетингтің арқасында клиент іздеп әуре болмаймын. Бұрын тұтынушы іздейтін болсам, қазір күніне 5 адамнан қабылдаймын. Жарнамаға кеткен қаржы өзіме 2-3 еселеп қайтады. Тұ тынушымен нетворкинг жасау арқылы бизнесті әрі қарай өрбіту әлдеқайда жеңілдей бермек, – дейді жас кәсіпкер Айжұлдыз Бұхарбаева.

Телефоныңыз сіздің ойыңызды оқып тұра тындай сезімдерді жиі сезесіз бе? Бұған мынадай түсінік беріп өтейік. Instagram желісін қолданатын әрбір адам күнделікті таргетті жарнамамен кездесіп отыратыны рас. Сол арқылы өзіңізге керек дүниелерге де қол жеткізіп отыруыңыз да мүмкін. Байқап қарасақ, Instagram-нан гүл сататын дүкен іздесек, сізге аймағыңыздағы гүл сатумен айналысатын дүкендер туралы посттар өздігінен шыға бастайды. Бұл интернет маркетинг осылайша барлық бизнес түрлерінің жолын ашуға оңтайлы көмек бере алады.

Әлеуметтік желіде посттар өтімді болу үшін таргетолог аудиторияны кеңінен зерттейді. Яғни, осал жерлері, қарсылас аудиторияны зерттеу. Сол арқылы креативті контент жасауға тырысады. Таргетті оқу базалық және кәсіби деп бөлінеді.

– Таргет – нысана, мақсат деген мағынаны береді. Таргеттің кейде «жолы болмауы» мүм кін. Алайда біз, осы сала мамандары, тест жасаймыз. Сол арқылы «құрдымға кетпеудің» амалын жасаймыз. Мақсатты аудиторияға шолу, анализ жасау, аудиторияның қы-зығушылықтарына зер салу арқылы жар-наманы жіберудің ең ұтымды кезеңдерін қарастырамыз. Әр ортаға әртүрлі әдіс қолдану арқылы кедергілерден қашамыз. Енді жолын бастаған таргетологтардың жарнамасы дұрыс кіріс әкелмесе, еш мұңаюдың қажеті жоқ. Себебі жеңіліс арқылы жеңіске түзу жол саламыз. Өсудің барлығы тәжірибемен келеді. Бұл – дұрыс позиция, – дейді кәсіби таргетолог Нұргүл Мұратбекқызы.

Қазір әдеттегідей блогерлерден жарнама сатып алу аса маңызды емес. Себебі құны қымбат әрі сторис халықты қызықтырмайды. Көпшіліктің көзі бұл контенттен шаршаған. Бұл мәселеден құтылудың бір жолы таргет саласын меңгеру. Сізге де, сіздің бизнесіңіздің өрлеуіне де септігін тигізетіні анық. «Көз қорқақ, қол батыр» демекші, таргет саласына батыл аяқ бассаңыз, асығыңыз алшысынан түсіп, үлкен жетістікке жетуге мүмкіндік көп.

Нұршат НЫШАНОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!