Аймақтағы әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасына өзгерістер енгізілді. Бұл ретте облыс әкімі орынбасарларының жетекшілік ететін салалық бағыттары белгіленді. Бұл туралы облыс әкімі актив отырысында арнайы тоқталды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов – облыстық ауылшаруашылық және жер, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жетекшілік жасайды. Сонымен қатар, облыстың құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті сақтау жұмыстарын үйлестіреді.Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов – құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, бақылау жөніндегі, мемлекеттік сатып алу басқармаларына жетекшілік жасайды. Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов – облыстық экономика және қаржы, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму, мәдениет және спорт басқармаларына жетекшілік етпек.Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай – Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына жетекшілік жасайды.Оңтайландыру процесінен кейін облыс әкімі аппаратының да ауқымы кеңейді. Өңірдегі идеологиялық мәселелер аймақ басшысының тікелей бақылауында болады.

Облыс әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтағы әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасына өзгерістер енгізілді. Бұл ретте облыс әкімі орынбасарларының жетекшілік ететін салалық бағыттары белгіленді. Бұл туралы облыс әкімі актив отырысында арнайы тоқталды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов – облыстық ауылшаруашылық және жер, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жетекшілік жасайды. Сонымен қатар, облыстың құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті сақтау жұмыстарын үйлестіреді.

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов – құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, бақылау жөніндегі, мемлекеттік сатып алу басқармаларына жетекшілік жасайды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов – облыстық экономика және қаржы, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму, мәдениет және спорт басқармаларына жетекшілік етпек.

Облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай – Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына жетекшілік жасайды.

Оңтайландыру процесінен кейін облыс әкімі аппаратының да ауқымы кеңейді. Өңірдегі идеологиялық мәселелер аймақ басшысының тікелей бақылауында болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!