Қазақстанның ет одағы ет бағасының тағы да қымбаттауын болжап отыр. Қазірдің өзінде сиыр етінің бір келісі шамамен 4 мың теңге тұрады. Бұл бағалар әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ет тұтыну жөнінен әлемде небәрі 49-шы орында.

Сарапшылардың пікірінше, бағаның өсуі делдалдардың кесірінен болып отыр. Себебі олар кейде бағаны 50%-ға дейін көтереді. Нәтижесінде қарапайым сатушылар да шығынға батпас үшін үстеме бағамен сатуға мәжбүр.

“Адамдар көбінесе арзанырағын сатып алады. Мысалы, төс еті, қабырғалар деген секілді. Енді баға көтеріліп жатса, біз де аздап өсіреміз”,- деді сатушы Гүлжан. 

Күзге арналған болжамдар бойынша арпаның бағасы көтеріліп, ірі ет инвесторлары тапшы болмақ, отандық өнім бұрынғы деңгейінде қалып, теңге әлсірейді. Сарапшылардың пікірінше, мұның бәрі алдағы айларда шығынның өсуіне әкеледі.

“Біз Қазақстанды өзіміздің сиыр етімізбен толық қамтамасыз ете аламыз. Импорт та келіп жатқандықтан бұл да бағаға әсер етеді”,- деді Қазақстан ет одағының атқарушы директоры Асқар Жұбатыров.

Маман мемлекет жемшөп базасын ұлғайту шараларын қабылдамайынша, бағаның айтарлықтай төмендеуі байқалмайтынын айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!