Бүгінде Kaspi.kz мобильді қосымшасын тұтынушылар саны 7 миллионнан асады. Бұл – халқымыздың 50 процентке жуығы Kaspi Bank клиенті деген сөз. Себебі банк қосымшасы әрбір клиенттің жеке төлемдері мен салымдарының тарихын көрсетіп қана қоймай, түрлі қызметтерді жылдам орындауға мүмкіндік береді. Бүгінде қосымшаның Кaspi-QR қызметі де өте қолайлы. Оның көмегімен сіз банк серіктестері дүкендерінде алған заттың ақысын карта шығарып немесе ПИН-код теріп әуре болмай-ақ, үнемі өзіңізбен алып жүретін телефон арқылы төлей аласыз. Сондай-ақ кез келген кaspi банкомат және кaspi терминалда картасыз және ЖСН-ді термей-ақ ақшаны алу және шотты толтыру мүмкіндігіне ие боласыз.
Kaspi QR-дың тағы бір тиімді тұсы – бонустар жинау мүмкіндігі жоғары. Әрине стандартты 0,5 проценттік бонус картамен төлем жасағанда да түседі. Бірақ кейбір акциялар аясында берілетін бонустарды тек Kaspi QR қызметінің көмегімен алуға болады. Мысалы, ақпанның соңына дейін Kaspi Bank-пен серіктес Magnum Cash&Carry, Small, КеңMart сияқты супермаркеттерде алған азық-түлігіңіздің ақысын Kaspi QR арқылы төлесеңіз, 3 процент бонус сыйға беріледі. Мәселен, сіз Kaspi Bank-пен серіктес супермаркеттердің бірінен 8500 теңгеге азық-түлік алдыңыз делік. Оның ақысын Kaspi Gold картасы арқылы төлейтін болсаңыз, шотыңызға 42,5 теңге көлемінде стандартты бонус түседі. Ал сол 8500 теңгені Kaspi QR арқылы төлесеңіз, шотыңызға 255 теңге көлемінде акциялық бонус түседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!