Қызылорда қаласындағы Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінде Тәуелсіздіктің төл құрдасы, ақын, халықаралық және республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, мектеп мұғалімі Мөлдір Айтбайдың шығармашылық кеші өтті.

Ақынның бұл кеші Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.

Кешке Мөлдір ақынды ақындық өнердің биігіне жетелеуші, өмірдегі, өнердегі ұстазы-анасы Қазына Өзденбаева, үлкен өнер жолына, өмір жолына ақ батасын берген ұстазы Қадыргүл Бердібекқызы, «Сыр Медиа» ЖШС бас директор орынбасары Дәурен Сейітжанұлы және өнердегі досы Мақсат Дауылбай арнайы қонақ болды.

Кеш иесі Мөлдір ақын жүрекжарды өлеңдерін оқып, оқырман қауымды, өнерін құрметтеуші ұжымын тәнті етті. Ақын қызға деген әріптестерінің, оқушылардың қошеметі ерекше.

Кеш барысында ақынның өлеңіне жазылған әндерді облыстық филармонияның әншісі Бекзат Молдаберген мен мектептің өнерлі оқушылары шырқады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!