Егіздер Жаратқанның ерекше тылсым жаратылысы екені рас.
Олар жайлы түрлі аңыздар мен әңгімелер жетерлік. Аңыздар мен көркем әдебиеттерде жалпы әр дәуірде әр ұлттың санасында егіздер беймәлім дүниенің жаршысы іспетті болды. Әлемдегі сирек кездесетін таңғажайып құбылыс ретінде егіздер адам санасын біраз қызықтырып, аңыз-ертегілерге арқау болғаны шын. Ерте заманнан бері егіздерді болашақты болжайтын,табиғи және адам өмірінде болатын оқиғаларға әсер ете алатын тылсым күш иесі ретінде де қабылдаған. Өткен дәуірлердегі аңыздарға көз жүгіртсек, адамдардың олардан қорыққанын да аңғаруға болады. Көп аңызда егіздің бір сыңары жақсылықтың, ал екінші сыңары жамандықтың белгісі болған. Олардың мінезі, темпераменті, әдеттері бір-біріне емес, ата-аналарына ұқсайды деп айту жөн болар. Оларды жан-жақтағылар әрдайым бір-бірімен салыстыруды еш тоқтатпақ емес. Осылайша адамдар салыстыру арқылы жаман мен жақсыны айырғысы келеді. Алайда, бұл салыстырулар егіздер арасында неге әкеп соқтыратынын болжау қиын.
Қазіргі таңда егіздер жайындағы көптеген мифтердің ғылыми тұрғыдан еш сиқыры жоқ екенін білеміз. Алайда дамыған заманда да егіздер жайлы тылсым құбылысты естіп жүрген шығарсыздар. “Сырт келбетін бір-бірінен ажырату қиын егіздерді (бір ұрықты егіздер) екі жаққа бөлек жіберсе, бірінің денсаулығы нашарлағанын екіншісі сезеді” деп жатады.
Көптеген егіздердің өмірінде аталған жағдай кездескен. Бірақ бұл тылсым құбылыстың сырын аша алған бір де бір ғалым да, оқымысты да, дәрігер де жоқ. Туғанынан бастап екі бөлек жерде өмір сүрген егіздердің бойындағы түрлі қасиеттердің қашықтыққа қарамастан бірдей болатындығы да бар.
Байқаған боларсыздар, екі немесе одан да көп бауырлардың бір мезетте туған жағдайда, сәбилердің салмақтары қалыпты жағдайдан азырақ болады. Оның себебі ана құрсағында жатып бір ұрыққа тиесілі оттегі мен қоректік заттарды екі немесе үш-төртеу болып бөліскендіктен екен.
Тағы бір қызық ақпарат, егіздердің өз тілі болады. Оларды кейбір ғалымдар “экстрасенс “деп те атайды. Себебі, олар бір-бірін алыс қашықтықтан сезе алады. Алайда бұл туралы ғалымдардың нақты деректері жоқ.
Егіз балалардың өздеріне ғана түсінікті тіл(диалект) пайда болады. Екеуі сол тілде кішкентай кездерінде сөйлеседі. Бұл жағдайды екі жастағы егіздердің әрекеттерінен байқауға болады. Өсе келе егіздер уақытының көп бөлігін бірге өткізетін болғандықтан бір-бірінің мінезі мен әдеттерімен жақсы таныс. Бірақ егіздердің өз араларында бір сиқырлы қарым-қатынастың барын айтып жатады. Олардың арасындағы бұл қатынасты психологиялық тілмен “эмпатия” деп айтуға болады.
Зерттеу нәтижесінде бір жұмыртқалы егіздердің ми белсенділігі кестесінің сәйкесетіні анықталған, егіздердің бет-әлпеті мен дене пішімдері 100 пайыз ұқсас болғанымен, саусақ бедерлері мүлдем бөлек болатыны да сиқырлы дүние.

Ғазиза Ерланова,
5 мектеп-лицейдің
11 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!