“Junior Eurovision 2021” байқауында ел намысын қорғайтын Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлына дауыс беріп, қолдауға шақырамыз. Еске салсақ, былтырғы байқауда жас талантымыз Қарақат Башанова екінші орынды иеленген болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дауыс беру үшін:

  •  Junioreurovision.tv сайтына кіріңіз;
  •  Барлық қатысушылардың қысқаша бейнеролигін қараңыз;
  •  Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлын және тағы екі елдің қатысушысын таңдаңыз.

Дауыс беру 17 желтоқсанда басталады.
Айта кетейік, Биыл Париждің төрінде өтетін «Junior Eurovision» халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайтын болады. 

Францияның астанасынан тікелей көрсетілімді 19 желтоқсан күні 21:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар!

Барша қазақстандықтарды еліміздің атынан қатысып жатқан жас өнерпаздарға қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырамыз. СЕНІҢ ДАУЫСЫҢ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІМІЗ!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!