Junior Eurovision балалар ән байқауының ресми сайтында көрермендердің онлайн-дауыс беруі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн дауыс беру 19 желтоқсанда сағат 21.00-де ашылатын ауқымды финалдық концерт басталғанша жалғасады. Содан кейін барлық қатысушылардың жанды дауыстағы қойылымынан кейін қайтадан тек 15 минут ішінде дауыс беруге болады. Көрермендердің дауыс беру нәтижелері қазылар алқасының бағалауымен бірге қорытындыланады – осылайша жеңімпаз анықталады. Биылғы қатысушылар Париждегі La Seine Musicale залының сахнасында өнер көрсетеді.

Ән байқауының трансляциясын сағат 21:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Айта кетейік, Қазақстаннан Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин дуэті «Ертегі әлемі» әнін орындайды. Олар халықаралық байқауда 10 номерімен өнер көрсетеді.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!