Ұлыларым алған кезде шер-демін,

Дара туған қорғады елін ерлерім.

Ұрпағына құшақ жайып, айтуда

Қысылтаяң шақта нені көргенін.

Ауған елі, салған еді зор былық,

Соғыс ашты бұл не қылған сорлылық?!

Сіздер бізді, құтқарғандар бүгінді,

Қоймау үшін болашағын қор қылып.

Тамағыңнан су өтпеді, азық түк,

Тар қамалып, қан майданда жарықтық.

Сіздер біздің елдікпенен ерлікті,

Қақтыңыздар тың тарихқа қазық қып.

Он жыл бойы қан мен терге боялып,

Көрінгендей КСРО-ның ойы анық.

Ұйықтап жатқан ішіндегі халықтың

Қасқыр-намыс қарсы шапты оянып.

Қанша жанды денсаулықтан айырды,

Еске түсіп қырық екі байырғы.

Біздер де оны ұлылық деп ұғамыз,

Сіздер біздің жолымызға сай үлгі.

Ардагерлер ізгілігін күн көрер,

Еткен ерлік, теккен тері кімге дер?

Рахметіммен аяқтаймын жырымды

Мәңгі қалар бұл оқиға, бұл бедел.

Сіздерменен күніміз де әрленер,

Біздің жолға бар бақытты салған ең.

Алғыспенен қошеметке лайықты,

Отан үшін отқа түскен ардагер!

Батыр СӘБИТОВ,

Қазалы ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы

№91 орта мектептің оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!