Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс клуб қызметкерлерінің «Өнерім – рухани қазынам» атты өнер байқауы өтті.

Байқауға барлығы 7 команда қатысып, 3 кезең бойынша сайысқа түсті.

Бірінші кезеңде «Мәдени қызмет ел мерейі» тақырыбында әр команда өздерін креативті формада таныстырса, «Өнерім-өмірім» атты екінші кезеңде аудан мәдениет ұйымдарының, шығармашылық өнер ұжымдарының жетістіктері арнайы әзірленген бейнеролик арқылы көрерменге ұсынылды.

«Мемлекеттік Жолдау – Мәдениетке қолдау» атты үшінші кезеңде клуб қызметкерлері Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын насихаттау барысында Жолдауды қолдау және оны жүзеге асыруда саладағы жұмыс нәтижелерін көрсетті.
Барлық командалар жоғары деңгейде дайындықпен келіп, үздік өнер көрсеткені үшін арнайы дипломдармен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!