Жүйеге, жалпы жұмыс істеу ағымын өзгерту! Осы уақытқа дейінгі жүйе нәтижесіз екеніне көзіміз жетті.

Ақын мәжіліске барса ең біріншіден, тіл мәселесін көтеретінін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ринат Зайытов ең біріншіден Мәжіліске барса тіл мәселесін көтеретінін айтады. «Бір тіл болмай, бір ел болмаймыз» дейді ол.

«Жүйеге, жалпы жұмыс істеу ағымын өзгерту! Осы уақытқа дейінгі жүйе нәтижесіз екеніне көзіміз жетті», – дейді ол.

Ақын бұған дейін мажоритарлық жүйемен кандидат ретінде өзін ұсынған еді. «Яғни Аманат партиясының атынан мажоритарлық жүйемен түсесіз бе?» деген сұраққа Ринат Зайытов былай деп жауап берді.

«Съез әлі басталған жоқ. Қазір мысалы партияның тізімін оқиық. Содан кейін мажоритарлық жеке баратындарымыздың бәрін талқылайық. Жоқ, мен мажоритарлыққа баратын болсам, мен қазір партияның тізімін жинауым керек (?) Тізімде болуым ықтимал. Маған көптеген жұмысқа жеңіл болар еді», – дейді ол.

Ақыры, съез барысында партия атынан түсетін депутаттардың тізімінде Ринат Зайытов да бар болып шықты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!