Актрисаның менеджері де бұл ақпаратты растады.

Танымал әнші, актриса Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтып, жағымды жаңалығын бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. Тимур Балымбетов әншіден «Тұрмысқа шығатының рас па» деген сұрақ қойды. 

«Иә, рас», – деп жауап қайтарды Дұғалова. 

Сондай-ақ, актрисаның менеджері Massaget.kz тілшісіне бұл ақпаратты растады. 

«Иә, рас. Жақында тұрмысқа шығады. Той Астанада өтеді», – деп жауап берді әншінің менеджері Нұржауан. 

Желі қолданушылар әншінің жаңалығына қуанып, пікір қалдырған. 

«Құтты болсын!» «Бақытты болсын, Жанар!» «Жаным, Жанар! Бақытты болсын», «Жұбымен бақытты болсын», «Жарайсың Жанар. Бәріне лайықсың», – деп жазған олар. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!