NEET санатындағы жастарды анық­тау жұмыстары әлі де жалға­суда. Бұл жолы орталық мамандары қос елді мекен орналасқан Қосшы­ңырау ауылдық округіндегі жас­тарды тізімге енгізді. 3500-ге жуық халық тұрақтанған ауылдық округте мониторинг тобы Абай және Досан ауылдарына бөлініп, жұмысын жал­ғастырды.

Зерттеу барысында орталық мамандары мен Қызылорда облысының “Волонтерлар фронт-офис” белсенділері арнайы дайындалған сауалнаманы әр шаңырақтағы жасқа (14-29) таныстырып, толтырды.

Еске сала кетейік, мониторинг мамандарының ауылдық округтердегі жастарды зерттеу жұмыстары Қосшыңырау ауылдық округімен түйінделді. Ендігі кезекте, NEET санатындағы жастарды анықтау бойынша қала орталығындағы аумақтық бөліністе жұмыстар жалғасады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!