Тоқты

Ішпыстырарлық апта. Бастығыңыз көп тапсырма беріп, оның орындалуын мұқият қадағалайтын болады. Тапсырманы жауапкершілікпен атқара біліңіз.

Торпақ

Отбасылық мәселелер туындап, сіз оларға мән бермеуге тырысасыз. Алайда шыдамыңыз таусылып, оларды шешуді қолға алуды жөн санайсыз.

Егіз

Нақты бір іске қаржы салсаңыз, пайдаға кенелесіз. Бірақ ең алдымен серіктесіңіздің сенімді болуын қадағалаңыз. Күмәнді іске ақша салмаңыз.

Шаян

Сүйіктіңізге деген махаббатыңыз арта түседі. Дәл қазіргі сәтте сүйікті адамыңыз моральды және материалды тұрғыдан қолдауды қажет етеді.

Арыстан

Керемет апта. Мақсатыңызға бір табан жақындайсыз. Достарыңыз көмек көрсетеді. Жақын туыстарыңыз сізбен мақтанады.

Бикеш

Ерлі-зайыптылар арасында өзгелерге еліктеушілік пайда болады. Бірақ көп ұзамай бәрінен  шаршап, қалпыңызға түсесіз.

Таразы

Көңіл-күйіңіз құбылмалы болады. Көңіл­шектігіңіз ұстап, көңіліңіз босайды. Ұстамды болыңыз. Сонымен қатар қарыздардан тез арада құтылуға тырысыңыз.

Сарышаян

Стратегиялық жоспар құруға қолайлы апта. Алдағы күндеріңізді жоспарлап, мақ­са­тыңызға қарай бет аласыз. Тұралап қал­ған жұмыстарды аяқтайсыз.

Мерген

Қызықты апта болмақ. Отбасы – сіздің бар байлығыңыз. Қызықты отбасылық ме­ре­ке ұйымдастырасыз. Бірақ біреумен әзіл­дескенде абай болыңыз.

Тауешкі

Күш-қуатыңыз азайып, иммунитетіңіз тө­мендейді. Соның салдарынан аздап сырқат­танып қалуыңыз да мүмкін. Дерттің алдын алу үшін спортпен шұғылданыңыз.

Суқұйғыш

Егер жұмысыңыз қаржымен тығыз байланысты болса, онда осы аптада қызықты ұсыныстар түседі. Жаңа жұмыстан қорықпаңыз. Қайта білек сыбана кірісіңіз.

Балық

Өзіңізді жеңіл сезініп, барлық істі тез атқарасыз. Сонымен қатар жаныңыздағы жандармен де тез тіл табысасыз. Апта сіз үшін қолайлы болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!