Әлеуметтік желіде Бурабай ауылындағы футбол матчы кезіндегі төбелестің видеосы қызу талқыға түсті. Полиция департаменті төбелеске «Қазақстан темір жолы» қызметкерлері мен көліктегі полицейлер екенін растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жанжал Qazaqstan Qyzmet Cup турнирінде болған. Кадрлардан ойыншылардың сөзге келіп қалғанын көруге болады, бірақ арты төбелеске ұласқан.

Журналист Михаил Козачков ұсынған мәліметке сәйкес, жанжалға ҚТЖ мен көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері қатысқан.

«Нәтижесінде әр командада 2 адамнан ойыннан шеттетілді. Сонымен қатар төртеуі 6 ай мерзім жарысқа қатыспайды», – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Турнир 19-20 тамызда, ал төбелес 20 тамызда болған. Бастапқыда жанжалға Ақмола облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қатысты деп топшыланған. Кейін бұл ақпаратты ведомство өкілдері жоққа шығарды.

«Аталған факт Бурабай аудандық полиция бөлімінің шағымдар мен арыздар кітабына енгізілді және полиция департаментінің жеке қауіпсіздік қызметіне жіберілді. Себебі оқиғаға қатысушылар – полиция қызметкерлері», – деді департаменттің баспасөз қызметі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!