Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығын жариялады.

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Қаулысында Токио-2020 ХХХII Жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін 8 спортшы наградталды.

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Сметов Елдос Бақтыбайұлы наградталды.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Чиншанло Зульфия Салахаровна наградталды.

«Құрмет» орденімен – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Асәділов Дархан Абсадықұлы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Берульцева Софья Полихроновна, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Бибосынов Сәкен Исмадияр угли, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Санаев Нурислам Валентинович, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Сон Игорь Сергеевич наградталды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!