Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қазақ тіліне қатысты айтқан пікірлері желіде қызу талқыланған Рамиль Мухоряповқа қатысты қылмыстық із қозғалды. Бұл туралы журналист Күлтегін Аспанұлы мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz. 

Бұл хабарды журналист өзінің Facebook парақшасында жазды. 

“Ал, достар, Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесіне қатысты арыз бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласының Алматы қаласының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы 20 қазанда ҚР Бас прокуратурасы  мен Алматы қаласының прокуратурасына түсірген арызыма  қылмыстық іс ашқаны жайлы жауап беріпті. 

Алматы қ. ПД ЭҚІСБ бастығының міндетін атқарушы Д.Е.Абикулов қол қойған хатқа сенсек, ПД Тергеу басқармасының ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының (“Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру”) 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

“Тергеліп жатқан қылмыстық іс шеңберінде психологиялық-филологиялық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады”, – дейді Әбіқұлов. 

Бұл айыптың жазасы заңда үш нұсқада көзделген: 2 мың-7 мың АЕК айыппұл, 2-7 жыл аралығында бас бостандығын шектеу немесе айыру. Айыпты деп танылса, сот мән-жайды есекере отырып осы үшеуінің біреуін таңдайды”, – деп жазды Күлтегін Аспанұлы. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!