«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасының аясында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп қала аумағындағы шомылуға тыйым салынған аймақтарда қала тұрғындарына қауіпсіздік туралы, суға түсу ережелері туралы түсіндірме қоғамдық бақылау өткізілді.
Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Ерулан Умирсериков, ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент жанындағы Облыстық арнайы мониторинг тобы мүшесі Майра Боранбаева, Азаматтық Альянс қызметкері Гүлзира Абдірашитова, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы аға инженері азаматтық қорғау капитаны Тұрсынбаев Олжас Тұрсынбайұлы, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Сағитжан Сейтжағыпаржәне «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры Айжан Айтмамбетова қоғамдық бақылауға қатысты. Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша 38 адам қаза болса, оның 20-н кәмелеттік жасқа толмағандар құрап отыр. Оның 16-ы суға шомылу уақытында, 3-і балық аулау кезінде, 3-і қайықтан құлап, 19-ы жазатайым оқиға салдарынан. Қазіргі таңда суға шомылуға қауіпті әрі жабдықталмаған 64 учаске белгіленген. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – бұл балық аулау кезіндегі абайсыздық, су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамау және балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру және рұқсат етілмеген су айдындарында суға түсу. Аталған шара барысында қала аумағында орналасқан ПМК-29 саяжайында суға шомылып жүрген 86 тұрғынға (оның ішінде 52 жасөспірім бала). Ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмауларын және ересек азаматтарымызға су жағасында демалу кезеңінде спирттік ішімдіктерге шектеу қойып, өз қауіпсіздіктерін сақтау қажеттігі туралы түсіндірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!