2022 жылдың 22 қазан күні Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүгедектігі бар адамдарды «Жаңарған Түркістанға саяхат» жасалынды.
Саяхатқа 1-топ 20 мүгедектігі бар жандарды және олардың көмекшілерін қатысты.
Саяхатқа барған жандар Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып зиярат етіп, түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін тамашалап, саяхаттан рухани серпіліс алды.
Қатысушылар үшін автокөлік жалға алынып, түскі ас берілді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға естелік суреттер салынған фотоальбом берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!