Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында пандемиядан кейінгі экономикалық даму мен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру сынды зер салып, маңыз беретін негізгі бағыттарды айқындап берді. Мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі ендігі ретте аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында нәтижелі жұмыс атқаруымыз қажет. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қаржы саласының үздігі Қалқазбек Әжібеков мәлімдеді.

Брифингте ардагер Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бірқатар мәселелерге тоқталып, өз пікірін ортаға салды.

«Жолдауда пандемиядан кейінгі халықтың табысын сақтап қалу және әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін маңызды қадамдар жасалу керектігі баса айтылды. Былтырғы жылы бюжеттің тапшылығын жабу үшін ұлттық қордан көптеген қаржы жұмсалды. Дегенмен, біздегі қаржылық қор соншалықты шексіз емес. Бұл дегеніміз экономиканы көтеруге жұмыс жасауымыз керек дегенді білдіреді. Биыл да пандемияның әсері елімізге ауыр тиюде. Оған қарамастан алдымызға үлкен міндеттеме қоюмыз керек. Сонымен қатар, 2025 жылға дейін шикі зат өндеу өнеркәсібінің қазіргіден 1,5 есеге арттырып, еңбек өнімділігін 30 пайызға көбейту мәселесі күн тәртібіне қойылды. Отандық өнеркәсіптің дамуы үшін шикі зат тауарларының бағасы қол жетімді болуы керек деген пікірдемін», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қаржы саласының ардагері Қалқазбек Әжібеков.

Өз кезегінде коммуналдық саланың ардагері Келдібай Бектұрғанов Президент Жолдауын негізге алып, ауыл шаруашылық саласын дамытып, мамандар даярлау ісін жандандыру керек деген пікір білдірді.

«Халықтың жағдайын жақсарту үшін елді мекендер жайлы болуы керек. Елді мекен жайлы болуы үшін Сырдарияны суға толтыру керек. Бұл ауыл шаруашылық саласын көркейтіп, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға ықпал етеді. Қазір ауылдағы жұмыссыз жастар қалаға ағылуда. Керісінше қаладағы жұмыссыз жастарды ауылға тартып, жас мамандарды қажет ететін ауыл шаруашылығына серпін берген дұрыс. Игерілмеген жерді игеріп, елдің дамуын ауылдардан бастау керек»,-деді ардагер Келдібай Бектұрғанов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!