Фото: Midjourney

Жаз – саяхат маусымы. Багажды жоғалтып алсаңыз не істеу керек? Бұл жайлы қазақстандық әуекомпаниялар айтып берді, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі егер жолаушы багаж лентасынан өз багажын таппаса, ұшып келу орны бойынша авиакомпания өкілдеріне жүгіну қажет екенін айтты.

«Компания өкілі багаждың келмеу фактісін тіркейді, жолаушы багаждың келмеуі туралы актіні толтырады. Актіде жолаушының деректері, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, рейс нөмірі, ұшу күні, багаждың сипаттамасы мен салмағы көрсетілуі тиіс. Актіде барлық ұсақ-түйекке дейін жазылады.

Актінің және багажды іздеуге арналған өтініштің түпнұсқалары авиакомпания өкілдерінде қалады. Сондай-ақ жолаушының жеке басын куәландыратын құжаттың және багаж белгісінің көшірмелері қалады. Электрондық мекен-жайға жолаушы багаждың фотосуретін жіберуі керек. Бұл ереже барлық өңірлерге қолданылады», – деді баспасөз қызметі.

Qazaq Air

Компанияның баспасөз қызметі багаж жоғалған жағдайда жолаушылар әуежайдың Lost&Found багажды іздеу қызметіне немесе авиакомпания өкіліне жүгінуі қажет екенін айтты.

«Lost & Found қызметінің қызметкерлері (немесе авиакомпания өкілі) ақауларды (зақымдануларды), багажды жоғалту фактісін немесе багаждың келмеу фактісін тіркейді, PIR актісін (коммерциялық акт) жасайды және жолаушыға береді. Шағым info@flyqazaq.com поштасына жіберілуі керек», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шағым жазбаша жазылуы және оны қарау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтуы тиіс:

  • PIR актісі (коммерциялық акт);
  • брондау немесе билет нөмірі, маршрут және тасымалдау күні;
  • багаж белгісі (тиісті сапаның көшірмесі);
  • зақымдалған багаждың суреті.

Шағым беру мерзімі:

  • ішкі тасымалдау кезінде ақаулық анықталған кезде дереу;
  • халықаралық тасымалдау кезінде дереу, бірақ жалпы алғанда багажды алған күннен бастап жеті күн ішінде;
  • багажды жеткізу мерзімі өткен жағдайда – жолаушы багажды алған күннен бастап 21 күннен кешіктірмей.

Үш айдың ішінде (2024 жылғы сәуір-маусым) QAZAQ AIR авиакомпаниясы багаждың бүліну немесе келмеу фактісі бойынша 70-тен астам өтінімді өңдеген.

Авиакомпанияда жолаушыларға әуежайдың багаж іздеу қызметіне уақтылы хабарласып, авиакомпанияға шағым жіберіп, қарау үшін барлық қажетті құжаттарды тіркеуді ұсынды.

«Барлық құнды заттарды қол жүгімен тасымалдаған дұрыс. Мысалы: ақша, зергерлік бұйымдар, қымбат техника мен құжаттар. Кейбір саяхатшылар қол жүгіне қосымша киім жиынтығын, ұялы телефонды қуаттайтын құрал және өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектерді салады. Ең бастысы, тасымалданатын заттар қол жүгін тасымалдау ережелеріне сай болуы керек», – деп атап өтті әуекомпанияның ресми өкілі Ақбота Орынбаева.

Air Astana

Компанияның баспасөз қызметі IATA халықаралық әуе көлігі ұйымының деректеріне сәйкес, тасымалданған әрбір мың жолаушыға орта есеппен 5-6 багаж белгіленген пунктке уақытында келмейтінін атап өтті.

«Air Astana-да бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен: тасымалданған мың жолаушыға ол орта есеппен екі багаж орнын құрайды. Егер сіз белгіленген пунктке келген кезде багаж лентасынан өз багажыңызды таппаған болсаңыз, оны іздеу жөніндегі Lost&Found бөліміне дереу хабарласуыңыз қажет. Бөлім қызметкерлері багаждың келмеуіне өтініш жасауға, сондай-ақ World Tracer халықаралық жүйесінде багажды іздеуге файлды ашуға көмектеседі», – деп хабарлады компания.

Сондай-ақ халықаралық ережелерге сәйкес багажды іздеуге 21 күн беріледі.

«Осы мерзім өткен кезде де багаж табылмаса, авиакомпания жолаушыға багажды жоғалтқаны үшін өтемақы төлейді. Тасымалдау кезінде жолаушының багажы бүлінген жағдайда да залалды өтеу қажет. Ол үшін әуе тасымалдаушысының help.airastana.com қолдау көрсету сайтына жазбаша шағым түсіру керек», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

FlyArystan

Компанияның баспасөз қызметі багаж жоғалған жағдайда жолаушыға келу әуежайындағы Lost&Found қызмет көрсету жеріне келіп, «багаждың жоғалуы» немесе «багаждың берілуіне» жүгініп, багажды тасымалдау кезінде ақаулар туралы актіні толтыру қажет екенін айтты.

«Акт болмаған жағдайда авиакомпания багажды жоғалтқаны үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алмайды. Немесе электрондық мекен-жайға өз бетінше ресми өтініш беріңіз: ala.lf@airastana.com поштасына брондау нөмірін, мәліметтерді және барлық қажетті құжаттарды қоса жіберіңіз. Сондай-ақ фотосуреттер мен бейнелерді жберуге болады. Әр багажға жолаушының аты-жөні, мекен-жайы жазылған жапсырмалар жапсыруды ұсынамыз. Сондай-ақ, мүмкіндігінше багаж биркасына берілген барлық билеттер мен чектерді сақтаңыз. Бұл әрекеттер багажды иесіне сәйкестендіру және қайтару процесін айтарлықтай жеңілдетеді», – деді баспасөз қызметінде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!