Фото: istockphoto.com
Aikyn.kz. Желіде ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақ салып, одан кейін өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат тарап жатыр.
Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Аталған факт бойынша Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Ведомство күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы түсінік бермеді. Астана полиция департаменті тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайтынын ескертті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!