Тоқты

Керемет апта. Мәселе туындағанмен тез арада шеше аласыз. Оның маңызды мәселеге айналуына жол бермейсіз. Бұл ісіңіз басшылықтың назарында болатынын ұмытпаңыз.

Торпақ

Кездесуге баруға, жаңа таныстар табуға қолайлы апта. Көп адамдар сізбен кездесуге, сөйлесуге асығады. Өзіңізге ұнайтын адамдармен кездесіңіз. Бұрын сізді ренжіткен жандар да кешірім сұрағысы келеді.

Егіз

Көп ойдан арылып, тек маңызды деген істерді ойлаңыз. Қиын тапсырманы орындауға, соңғы уақытта тығырыққа тіреген сауалдарға жауап табуға болады. Ешкімге ашылып, сыр айтпаңыз.

Шаян

Түрлі тақырыпта сөз қозғайтын ортада боласыз. Әңгіме-дүкен құрып, жаңа таныстар табасыз. Не болмаса аптада өзіңіз кездесу ұйымдастырып, көпшіліктің ризашылығын аласыз.

Арыстан

Алға қойған мақсатыңызға, арманыңызды орындауға бір табан жақындайсыз. Аптада жұмысқа қатысты біршама сұрақты талқылауға болады. Өзіңізді шаршатпаңыз.

Бикеш

Көптен бері мазаңызды алып жүрген шаруаны біржақты етесіз. Орын алған мәселеге еш алаңдамайсыз. Өйткені олардың барлығын қалай шешу керегін білесіз.

Таразы

Жемісті апта. Көптен бері шешімі табылмай жүрген мәселені соңына дейін жеткізіп, арқаңыздан жүк түскендей әсерде боласыз. Сондай-ақ аптада сізге біреу ғашық болады.

Сарышаян

Өзекті мәселеге жолығасыз. Өзгелердің жағдайын енді түсінетін боласыз. Өзіңізге келгенде шаруаны тиянақты тындыру қолдан келмейді. Көп уақытты демалысқа арнаңыз.

Мерген

Өз ісіңізді тиянақтай білесіз. Сонымен қатар өзгенің де шаруасын тындырасыз. Шығармашылығыңыз аздап тоқырауға ұшырайды. Бұл жағдайда достарыңыз немесе ескі таныстарыңыз ақыл қосады.

Тауешкі

Табысқа жету үшін табандылық қажет. Сонымен қатар аптада ешқандай мәселе болмайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. Айналаңыздағы адамдардың да ақыл-кеңесіне құлақ түрген жөн.

Суқұйғыш

Жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныс түседі. Бірақ оның барлығы пайдалы емес. Егер сақтық танытып, бағдарлайтын болсаңыз, таңдау жасауда қателеспейміз.

Балықтар

Сізге берілген тапсырма өте қарапайым, сондықтан оларды орындауда еш қиындық болмайды. Мақсатқа жетуде ештеңені қиындатпай, барлығын дер кезінде орындай аласыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!