Бақытты алыстан іздеудің қажеті жоқ. Өйткені өмірге сау болып келгеніңнің өзі бақыт емес пе? Әлпештеп өсірген әке-шешеңнің қуанышың мен күйінішіңе ортақтасып, тілеуіңді тілеп,қасыңда жүргенінің өзі бақыт емес пе? Осы орайда мен анамды айтқым келеді. Ананың еңбегі зор. Осы күнге дейін мені асырап келгені үшін,мені аш қалдырмай әрқашанда тамағымды тауып берген.Мен ақша сұрасам жоқ деп айтпаған. Ешқашан үстіме жыртық киім кигізбеген. Бұл анамның еңбегінің арқасы.Анам маңдай терімен ақша тауып, асырап келе жатыр. Адал еңбекпен тапқан ақша үлкен бақытқа кенелтеді. Әрқашан анамның жүзінен ризалық пен қуаныштың белгісін көру зор ғанибет қой. Осы анамыздың еңбегінің сіңгені.  Ұрлықпен көп ақша тапқанша, кішкентай ақшаға қанағат тұту керек. Ұрлық –түбі қорлық. Бақыттың кілті – еңбекте деген мақал өте орынды айтылған. Әрқашанда маңдай термен келген жеңіс – ол еңбек. Бақыттың кілті – еңбекте, еңбек етейік, адал болайық!

Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Бірлік ауылы

№102 орта мектебі

Бақытжанова Кәусар

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!