Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент қазақстандықтарды құттықтай отырып, рәміздерді қадірлеу әр азаматтың парызы екенін алға тартты. 

“Барша отандасымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Еліміз үшін Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мән-маңызы айрықша. Бұл құндылықтар бойымызға зор мақтаныш және жауапкершілік сезімін ұялатады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы!” – деп жазылған құттықтауда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!