Аты аңызға айналған әнші, КСРО және Қазақстанның ха­лық әртісі, Халық қаһарманы Роза Тәжі­бай­қызы Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында, жарты ғасырлық тарихы бар қазақ мәдениетінің қара шаңырағы Қазақконцерт Мемлекеттік Концерттік Ұйымы үлкен шығармашылық концертпен Қызылорда өңіріне келеді.

Мерекелік концерт уақыттары афишаларда толық көрсетілген.

Қызылорда қаласынан бөлек, Арал, Қазалы, Байқоңыр, Қармақшы аудандарына да жол тартады. Концертте елімізге белгілі әншілер М. Жүнісова, Ж. Сейдолла, А. Нұрмағамбетова, Қ. Маханов, Б. Сәмединова секілді өнер қайраткерлері өнер көрсетеді.