Елбасы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік ‒ ата-баба­мыз­дың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты» деген сөзінен егемен күннің оңай келмегенін түсінуге болады. Кез келген мемлекеттің тарихын қарасақ та, сол ғасырларда ұлт азаттығы үшін күрескен тұлғалар жайлы білуге болады.

Сондай қайраткердің бірі, ХІХ ғасырдың І жартысындағы ұлт-азаттық көтерлісінің батыры Исатай Тайманұлының туғанына биыл ‒ 230 жыл. Өз халқының азат ел болуын қалап, халық қамын жеп, ел тыныштығы мен жерінің азаттығы үшін  ат үстінде  жауға қарсы қол бастаған бірегей  батыр, батыл қолбасшы бейнесі  Махамбет Өтемісұлы жазған “Исатай деген ағам бар”, “Мен, мен едім, мен едім” деген өлеңдерінде  шебер суреттелген. Осындай ұлт рухын көте­ретін өлеңдерді оқығанда ел мен жер үшін жан берген нағыз батыр бабалар бейнесінің ұрпақ санасында сақ­талатынын терең түсінуге болады.

Г. ПІРІМЖАНОВА,

ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!