Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз.

ХҚО арқылы:

– Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;

– Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;

– ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:

– Жеке куәлік;

– Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;

– Банктік есепшот жайлы анықтама;SMS хат арқылы:

– Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, «Алтын» немесе «Күміс» алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.

-Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.

– Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда – 7 жұмыс күні.Есіңізде болсын!

Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді.

Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.