Апта басында облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Жас отау» жас отбасылар клубының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында клуб құрамына жаңадан қосылған мүше­лер таныстырылды.

Іс-шарада орталықтың «Отбасы істері» бөлімі қызметкерлері жас отбасыларға «Жас отбасы – жарқын болашақ» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренинг барысында түрлі интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, клуб құрамына керемет көңіл-күй сыйлады. Кездесу соңында клубтың алдағы уақыттағы жоспары құрылып, ұйымның логитип үлгісі бекітілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!