Шакенти ретінде белгілі актер Серік Шәріптің киноқоржыны тағы бір телехикаямен толықпақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы актер «Жаңа түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевпен” тележобасында ашып айтты. 

Студияда шашы жоқ Шәріп Серікті көрген кезде бағдарлама жүргізушілері таңғалды. Шәкенти өзінің кезекті кинотүсірілімі үшін шашын толықтай алып тастағанын түсіндірді.

“Жаңа жобаға түсіп жатқандықтан шашымды алып тастадым. Көктемде көрерменге ұсынылатын “Қарға” деген телехикаяда басты рөлді сомдаймын. Жетім балалар туралы драма жанрындағы керемет туынды болмақ”, – дейді актер.

Бірақ, бұл телехикая отандық телеарналардан емес, YouTube платформасы арқылы көрсетіледі екен.

Драма бағытындағы бұл телехикаядағы актер сомдайтын кейіпкердің тағдыры оңай емес екен.

“Ол жерде мен 14 жыл балалар үйінде өсіп, 10 жыл түрмеде отырамын. Содан кейінгі өмірді көрсетеді” , – дейді актер жігіт. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!