Отандық әнші Төреғали Төреәлі 30 жасқа толған мерейтойын атап өтті. Өнер иесі туған күніне жақындары мен өнердегі әріптестерін шақырған, деп жазады kaz.nur.kz

Мерейтойға орай үйдің ауласында «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі стиліндегі фотоаймақ орнатылған. Ал фотоаймақты «Ұлы дала баласы» деген жазумен безендірген.

Сонымен қатар туған күнде «Оскар» стиліндегі сәнді үш деңгейлі торт пісірілген.

Төреғали Төреәліні туған күнімен құттықтауға Анар Батырхан, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин және өзге де отандық өнерпаздар келген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!