Қызылорда облыстық «Ақмешіт жастары» газеті мен Тәуел­сіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай жас ғалымдар ара­сын­да Темірбек Жүргенов атындағы сыйлық үшін  байқау жа­рия­­лайды.

 Жалпы ережелер

Байқаудың мақсаты мен міндеті:

‒ Жас ғалымдарды ынталандару, шығармашыл жастарды насихаттау;

Байқаудың талаптары:

‒ Байқауға  18-35 жас аралығындағы жас ғалымдар қатыса алады.

‒  Байқауға  ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.

Байқауды  ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі:

‒ Байқауға қатысушы үміткер өзі туралы қысқаша мәліметті және еркін тақырыпта жазылған ғылыми мақаласын  aqmeshit.jastary@gmail.com поштасына жолдауы қажет немесе төменде көрсетілген редакция мекен-жайына қалдыруына болады.  Байқау материалдарын қабылдау 1 қарашаға дейін жалғасады.

‒ Ғалымдардың жұмысын бағалау және жеңімпазды анықтау үшін кеңес құрылады.

Редакцияның мекен-жайы:

120018 Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4А

Байланыс телефондары: 8 (7242) 40-11-10