Медицина саласының ардагері Сағындық Шәмшиев халықтың індеттен сақтану жолын ұстануы өз деңгейінде емес екендігіне алаңдаулы.  Бұл туралы ардагер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

– Індет өршіген кезеңде тығылып той жасап, мерекелік жиындарды азайтпай отырған тұрғындардың сақтық шараларына да салғырт қарап, аурудың алдын алуға келгенде нұмқұрайлылығы басым. Осы жасқа келіп мен де вакцина алдым. Денсаулығым жақсы. Індетті жеңеміз десек, вакцина алайық. Әрине, вакцина індеттің 100 процент емі болмайды. Бірақ аурудың жеңіл өтуіне 90 процент ықпал етеді, – деді Сағындық Шамшиев.

Сонымен қатар,  вакцинаның тиімділігін жоққа шығарып жүр­гендер өз-өзіне, жақындарына, айналасына, қалаберді қоғамға жаны ашымайтын адамдар екенін айтты. 

Брифингте білім саласының ардагері Мылтықбай Байымбетов те тұрғындарды санитарлық талаптарды барынша сақтап, індеттен қорғануға шақырды. Ардагер ұстаз індеттің өршуіне бейжай қарап, вакцина туралы түрлі алып-қашпа сөзге еретін азаматтардың әрекетін сынға алды.

«Соңғы күндері індеттің балалар арасында таралу көр­сеткішін ескеріп, біз қазір бал­ғындарымыздың денсаулығына көбірек алаңдауымыз керек. Жаңа оқу жылы таяп қалды. Сон­дықтан сала ардагерлері білім беру ұйымдарындағы санитарлық талаптардың сақталуын басты назарға алудамыз. Бұл ретте педагогтармен қатар ата-аналар да жауапкершілікті сезінсе.

Жақын­дары­мызға жанашыр болып, айналда­мыздың аман­дығын ойлап, екпе алу­дың маңыздылығын ұғы­найық», – деді Мылтықбай Мұстафаұлы.

«СБ» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!