«Абзал және Компания» ТС демеушілігімен Н. Ілиясов ауылында жергілікті күріш мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті.

Мұражай қоры Н.Ілиясов ауылынан шыққан еңбек ерлері, күріш атасы – Ыбырай Жақаев , Кеңес Одағының Батыры – Нағи Ілиясов, «Абзал және Компания» ТС өндірісі туралы ақпараттармен және көне экспонаттармен толықты.

Сонымен қатар жоғары дәрежеде өткен ашылу салтанатынан кейін кішкентай бүлдіршіндерге қуыршақ театрының «Күріш ботқасының пайдасы» туралы қойылымы көрсетілді.

Ауыл мұражайының есігі келушілер үшін күнделікті 9:00-17:00 аралығында ашық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!