Қызылорда қалалық емханалардың бірінде алтын бұйымдары ұрланғандығы туралы хабар келіп түсті. Емхана қызметкері Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арызданды.
Тексеру барысында, жәбірленуші қызметтік бөлменің сөресінде тұрған халаттың қалтасына екі алтын сақина қалдырып кеткен. Белгісіз біреу қызметтік бөлмеде ешкімнің болмауын пайдаланып, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде алтын сақиналарды ұрлаған 56 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталды. Заттай дәлелдеме ретінде екі сақина алынып, жәбірленушіге қайтарылды.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!