Елімізде күн райының қолайсыздығына байланысты жолдардың жүздеген шақырымдары жабық болып қалуда.

Жабылған 32 күре жолдың екеуі – елордадан Қарағанды және Атбасар қалалары бағытында. Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. Қарағанды қаласынан төрт бағыттағы жолдар жабылған. Сондай-ақ, қар, бұрқасын және жолдың нашар көрінуіне байланысты Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелген. Жамбыл облысында Тараз мен Шымкент арасындағы жол көліктің барлық түрі үшін жабылды.


inform.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!