Тоқты

Кейбір жайт көңіліңізге кірбің салуы мүмкін. Өмірге шынайы, реалистік көзқараспен қарап үйреніңіз. Кейінгі мансабыңызға жағымды әсер ететін маңызды кездесу орын алуы мүмкін. Егер жоспарыңыз орындалмай, кедергілер көбейіп жатса, стратегияңызды өзгерту керек.

Торпақ

Жаңашылдықты аңсап, өзінізді күтіп, түрлі диеталар бастап, сырт келбетіңізге өзгеріс енгізгіңіз келеді. Бірақ мұндай бастамалар сәтсіз аяқталуы мүмкін. Әріптестердің міндеті сізге жүктелуі мүмкін, бірақ бұл жайт басшылықтың назарынан тыс қалмайды. Апта соңында қолыңыз босап, бос уақытыңызды сүйіктіңізге арнай аласыз.

Егіз

Жаңа қызмет, серіктес, шабыт көзін іздегендер үшін апта сәтті болмақ. Қажет жерде қажетті уақытта болу арқылы қалағаныңызға ойламаған жерден қол жеткізесіз. Бұрын жіберген қателіктерді түзетуге мүмкіндік беріледі. Материалды сала қиындық әкелмейді, бірақ шығындарды қысқартуға тырысасыз. Ал махаббатта аяқасты іс-әрекеттерге баруға болмайды.

Шаян

Жұмысыңызды ауыстырудың немесе жаңа жобаны бастаудың қажеті жоқ. Оның орнына уақытты бірнеше күн саяжайда немесе жақындардың ортасында өткізуге арнаңыз. Басшылық сізден барлық салаларда бірдей белсенділік танытуды талап етеді. Қолыңыздан бәрі келеді, сондықтан бұрыннан жоспарлаған жағымды нәрсемен өзіңізді қуантуды ұмытпаңыз.

Арыстан

Талқылау деңгейінде қалған жоспарыңыз бен идеяыңызды жүзеге асыратын уақыт келді. Шығармашылық және эмоционалдық шарықтау күтіп тұр. Бұл көңіл-күйіңіз қарқынды жұмыс істеп, ақша табуға көмектеседі, бірақ жақындармен кикілжің туындауы мүмкін, ренішіңіз көпке созылмайды. Бұрыннан қордаланған мәселені талқылау қажет. Үйлену тойы мен ірі сатып алуларды бұл апта жоспарламаған дұрыс.

Бикеш

Адамдармен оңай тіл табысып, оны өз кәдеңізге жарата аласыз. Соның нәтижесінде серіктестерден жақсы ұсыныс түсуі мүмкін. Аптада оқуға байланысты мәселе күтіп тұр. Ең сәтті күндер апта соңында орын алмақ. Сізге демалыс, ал жақындарыңызға  назарыңыз қажет.

Таразы

Кез келген істе ішкі түйсігіңіз бен сәттілікке үміт артасыз. Бірақ жұлдыздар материалдық мәселелерде қатаң есеп пен логикаға сенім артуға кеңес береді. Ал қаржы саласында жақыныңыз табыс көзінен айырылуы мүмкін, ал сіздің керісінше мансап жолында жоғарыламақ.

Сарышаян

Сіздің үнемі бәріне күмәнданатын әдетіңіз тіпті шегінен шықпақ. Орынсыз күмәнданып, жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алуыңыз мүмкін. Жұлдыздар темірдей қатты болуға кеңес береді. Сүйіктіңіздің туыстарымен қарым-қатынасыңыз жақсы арнаға бұрылып, қысқамерзімді сапарға шығуыңыз мүмкін. Сауда-саттықта жолыңыз болады.

Мерген

Аптаны үй мен тұрмысты жақсартуға арнайсыз. Ойыңыз жүзеге асып, сізге ләззат сыйлайды. Үй шаруасындағы белсенділік іскерлік белсенділікке ауысады: ұжымдағы дауды шешіп, өзіңіздің жеке шаруаыңызбен айналысуға тура келеді. Жеке өмір мен махаббат екінші жоспарда.

Тауешкі

Аптада өзіңізді еркін сезінесіз. Жоспарыңыз бақылаудан шығып, орындалуы сәл кешеуілдеуі мүмкін. Бірақ уайымдамаңыз, барлығы орындалады, жағымды жаңалықтар, достарыңыз бен туыстарыңызбен кездесу күтіп тұр. Жұлдыздар тиімді сауда жасап, отбасыңызға көңіл бөлуді сұрайды.

Суқұйғыш

Қоршаған ортада үлкен өзгеріс болмақ. Егер демалыс туралы ойланып жүрсеңіз, онда уақыты келген сияқты. Олай болмаған жағдайда сізді үйді жөндеу жұмыстары немесе қоныс аудару күтіп тұр. Аптаның жартысында материалды сұрақтар мазалауы мүмкін. Бірақ мәселе оңынан шешіліп, әріптестеріңіз немесе достарыңыз көмектеседі.

Балық

Мақсатты жүзеге асыру үшін импровизацияға мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар  аптада жұмыс істеу балықтар үшін күрделі болмақ.  Сондай-ақ балықтарды сыйақы немесе өткен айдағы еңбегіңіздің жемісі күтіп тұр. Бұған дейін айналысып тастап кеткен іске қайта оралуыңыз мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!