Қоғамдық кеңес мүшелерінің үш жылдық өкілеттіліктері аяқталады. «Достық» үйінде өткен кездесуде кеңестің жұмысы қорытындыланды. Басқосуда Мемлекет Басшысының Жолдауы және аймақтың алдағы даму барысы талқыланды. Оған кеңес мүшелері, басқармалар, департаменттер мен мекеме басшылары қатысты.- Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында қоғамдық кеңестердің жұмысын одан әрі жетілдіру туралы тоқталды. Онда кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуеті барын, елімізде азаматтық белсенділікті жандандыру қажеттігін айтты. Ендігі міндет, соны толығымен жүзеге асыруымыз керек. Алдағы уақытта, жаңа толқын, кеңестің келесі мүшелері Президенттің берген басымдықтарын жаңаша леппен, жаңа үдеріспен орындайды деп сенемін, – деді Кеңес мүшесі Қылышбай Бисенов.Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшесі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев та Президенттің бастамасына қолдау жасап, қазіргі қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастыратын Ұлттық құрылтай туралы айтты. Билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатынына сенім білдірді.