Фото: El.kz/Арман Мухатов

Астанада алтыншы ауданды құру туралы бастаманы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов  Elorda.info-ға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Астана ел өмірінде ерекше орын алатынын бірнеше рет атап өтті. Қалаға тек экономика  емес, сәулет, урбанистика тұрғысынан  белгілі бір талаптар қойылады. Өздеріңіз білетіндей, Алматы ауданы – халқы ең көп аудандардың бірі. Алматы ауданында 6 тұрғын алап бар. Олар: Промышленный, Железнодорожный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Юго-Восток. Ауданның аумағы 15 471 гектарды құрайды.  Мұнда шамамен 400 мың адам тұрады. Тұрғын үй қоры 885 көпқабатты тұрғын үйді құрайды. № 1 Индустриялық парк аумағында 51 кәсіпорын жұмыс істейді.Железнодорожный тұрғын алабында № 2 Индустриялық парк салу жоспарланып отыр. Аудан әкімінің аппаратына жүктеме артты, – деп келтіреді Ерлан Каналимовтің сөзін Elorda.info.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!