Фото: dimashnews.com

Әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Dimashnews сайтының жазуынша, фильмнің премьерасы жазда болады.

Джеки Чанның жаңа фильмін әуенмен әрлейтін американдық композитор және продюсер – Нейтан Ванг. Ол атақты қытай актерімен бірнеше жылдан бері шығармашылық тандемде жұмыс істеп келеді. Ал отандасымыз Димаш аталған фильмге саундтрек орындайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Димаш Джеки Чанның «Авангард» фильмінің саундтрегін орындаған болатын. Сондағы орындаған «Happy» (Бақытты) әні көпшіліктің көңілінен шығып – трек «FRESH ASIA» хит-парадында бірінші орынға шыққан еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!