Батыс Африкада сәуір айының басында тіркелген рекордтық температура, егер елеулі шаралар қабылданбаса, әр он жыл сайын қайталануы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Газете.Ru«-ге сілтеме жасап.

Грэнтэм институтының зерттеуші ғалымы Клэр Барнс осындай мәлімдеме жасады.

«Жердегі рекордтық ыстық диапазон жаңа климаттық дәуірдің белгісі болуы мүмкін», – деді ол.

Клэр Барнстың айтуынша, қазір климат қатты жылдамдықпен жылынып жатыр.

Клэр және оның әріптестері Батыс Африкадағы аптаптың соңғы толқынына анализ жаағаннан кейін планетаны индустрияландырмаса, мұндай температура теорияда да пайда болмас еді деді.

Фото: pixabay.com

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!