Фото: apk-news.kz

KAZINFORM – «Қуатты агроөнеркәсіп кешені» атты ұлттық жобасын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасы көпшілік талқылауына шығарылды. Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген құжатта 2024 – 2028 жылдарға арналған бағдарламаға бюджеттен 11 трлн 897 млрд 947 млн 275 мың жұмсау көзделген.

«Ұлттық жобаны іске асыруға 2024 – 2028 жылдар кезеңінде 15 722 947 273 мың теңге (оның ішінле қайтарымды қаражат 10 460 000 000 немесе жалпы қаржыландырудың 67%-ға жуығы) бөлу көзделген. Республикалық бюджеттен –9 433 503 691 мың теңге, жергілікті бюджет –2 464 443 581 мың теңге, бюджеттен тыс қаражат көздерінен –3 825 000 000 теңге тартылады», – делінген қаулы жобасында.

Бұл қаражатты алдағы 5 жылда мынандай ретпен игеру жоспарланып отыр:

2024 жыл –1 932 993 904 мың теңге;
2025 жыл –3 619 677 256 мың теңге;
2026 жыл –3 746 004 797 мың теңге;
2027 жыл –3 886 668 098 мың теңге;
2028 жыл –2 537 603 217 мың теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!