Фото: Azattyq Ruhy

Ақтөбеде студентті зорлап, кейін қылмысын жасыру үшін оны көпқабатты үйдің балконынан итеріп жіберген сотталушы 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 10 млн теңге моральдық зиянды өтеуі тиіс. Бұл туралы KAZINFORM ақпараттық агенттігі хабарлады.

Бұл іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық қаралды. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің «Зорлау», «Адам өлтіру» баптарымен айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, 2023 жылдың 8 маусымында А. Ақтөбе қаласындағы пәтерде жәбірленушіге күш қолданып, оны зорлаған. Ол мас болған. Содан соң қылмысын жасыру үшін жәбірленушіні 7 қабаттан итеріп жіберді. 

– Жәбірленуші балконның ағаш жақтауына ілініп, құлап қалмауға тырысқан. Алайда сотталушы өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізу үшін жәбірленушінің екі қолынан доғал затпен ұрған. Соққыдан кейін жәбірленуші жетінші қабаттан құлады. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, кәулардың, сарапшылардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен расталды. Соттың үкімімен сотталушы А. кінәлі деп танылып, оған қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы негізінде 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушыдан жәбірленушілерге 10 000 000 теңге моралдық зиян өндірілді,- деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметi. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!